Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім абайсызда тоққа түсті

КӨКШЕТАУ.  ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар ауданында теміржол бойында 15 жастағы бозбалаға тоқ соғып, көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім абайсызда тоққа түсті

ТЖД мəліметі бойынша қайғылы жағдай 2017 жылдың 5  қаңтарында таңғы 09:40-тарда Атбасар қаласында орын алған.

«Теміржол вокзалының сыртында пойыз вагондарының арасымен өтпек болған 2001 жылғы жасөспірім абайсызда электр тоғының сымын  қағып кеткен. Нəтижесінде 15 жастағы бозбала тоқ соққысынан оқиға орнында көз жұмды», - деп көрсетілген хабарламада.