Ақмола облысында 1500 домбырашы бір мезетте күй тартты

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында Ұлттық домбыра күніне орай 1 мыңнан астам іс-шара өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының мәдениет басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Домбыра күніне және қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына арналған «Күмбірлеген күміс күй» атты облыстық байқау өткен.

Екі кезеңнен құралған байқауға Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Шортанды аудандары мен Степногорск, Қосшы және Көкшетау қалаларынан барлығы 18-35 жас аралығындағы 20-дан астам күйші қатысты.

«2 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай Көкшетау қаласындағы Абылай хан алаңында 1,5 мың өнерпаздардың қатысуымен «Домбыра» атты флеш-моб өтті. Онда облысымыздың кәсіби домбырашылары, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының К.Күмісбеков атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, Көкшетау қаласының Біржан Сал атындағы музыкалық колледжі, Ақан Сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің, қала мектептерінің, Ақкөл, Бурабай, Атбасар, Егіндікөл, Жақсы, Целиноград, Сандықтау, Қорғалжын, Бұланды, Шортанды, Зеренді аудандары мен Көкшетау, Қосшы қаласының бірлескен домбырашылар ансамблі мен күй мектебінің шәкірттері бірлесіп, қазақ халық композиторларының күйлерін бір мезетте орындады», - деді басқарманың баспасөз қызметінен.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауқымды өнер мерекесіне Көкшетау («Даниярова» ЖК, «Калиева Б.А.» ЖК, «Гульбану Гумурзакова» ЖК), Қосшы («Өнер-2012» ЖК) қалалары, Қоянды («Рахим» ЖК, «Нұрислам» ЖК), Өркендеу («Адал Ниет Астана») елді мекендерінің мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында қызмет көрсететін домбыра мектептері мен үйірмелері де белсенді атсалысты.


Соңғы жаңалықтар