Ақмола облысында 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай мамырдың 5-інде орын алған. Бұл туралы Есіл аудандық ПБ кезекші бөліміне аудандық аурухананың фельдшері хабарласып, аурхананың жансақтау бөлімінде 17 жастағы жасөспірімнің қайтыс болғандығы туралы айтты.

«Анықталғандай, сол күні бір топ жасөспірім мектеп әкімшілігін хабардар етпей, жергілікті Қызылсу су қоймасына барған. Шомылу кезінде 2004 жылғы жасөспірім суға батып кетті. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жасөспірім «өкпеге судың түсуі арқылы механикалық асфиксия» салдарынан көз жұмған», - деді ведомстводан.