Ақмола облысында 19 адам коронавирусты қайтыс болған адамнан жұқтырған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Коронавирус табылған 19 науқас осы дерттен 2 сәуірде қайтыс болған адаммен байланыста болғандар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ақмола облысында 19 адам коронавирусты қайтыс болған адамнан жұқтырған

Бүгін қауіпті инфекция 19 ақмолалықтың бойынан табылды. Олар 2 сәуірдің қайтыс болған Целиноград ауданының тұрғынымен байланыста болғандар адамдар.

«Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізілуде. Жақын байланыста болған 216 анықталды, оның 19-да коронавирус нәтижесі оң болды. Қазіргі кезде диагнозы расталған науқастардың барлығы Нұр-Cұлтан қаласындағы фтизиопульмонология орталығына және Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылды. Науқастардың ең үлкені 1933 жылғы, ең жасы 1984 жылы туған азаматтар», - дейді ведомстводан.

Сонымен қатар, облыстың станционарында 423 науқас жатыр.

Жұқпалы аурларда – яғни, 19 науқас Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде, 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында.

Провизорлықта – 90 науқас болса, карантиндік стационарда (бақылауда) – 312 адам жатыр. Ал, үй карантинінде 737 адам бар.