Ақмола облысында 19 жастағы жігіт жоғалып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жарқайың ауданында із-түзсіз жоғалған 19 жастағы жігіт іздестірілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында 19 жастағы жігіт жоғалып кетті

ТЖД қызметкерлерінің мəліметі бойынша, жігіт 2017 жылғы 1  қаңтар күні сағат 11:00  шамасында Державинск қаласындағы теміржол вокзалынан шығып, сол күйі ұшты-күйлі жоғалған.
null  

«Іздестіру шараларына аудандық ІІБ жеке құрамы, ТЖБ қызметкерлері, 6636 əскери бөлімнің 2-ші атқыштар батальоны  мен еріктілер тартылуда.

Кешегі күні іздестіру жұмыстары еш нəтиже бермеді, бүгін қайта жалғасатын болады», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.