Ақмола облысында 2 қарт иіс тиіп көз жұмды
АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - 4 қараша күні сағат 10.00-де Ақмола облысының Есіл қаласында жекеменшік тұрғын үйде
78 жастағы ер адам мен 82 жастағы әйел иіс тиіп көз жұмды.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, қайғылы оқиға қатты отынмен жанатын пештің ақауы салдарынан болған.
Төтенше жағдай орнына Ақмола облысы бойынша ТЖД-нің 2 адамы мен 1 техникасы шықты.