Ақмола облысында 2 жасөспірім үш адамды өлтірді деп айыпталуда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Ақмола облысында 2 жасөспірім үш адамды өлтірді деп айыпталуда

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша,  2000 және 2001 жылдары туған екі жасөспірім үш адамды (екi немесе одан көп адамды; кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды; аса қатыгездiкпен жасалған; адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған) өлтіру, ұрлық, тонау және жеке құжаттарды тонау бойынша айыпталуда.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айының басында Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Дмитриевке ауылында үш адам аса қатыгездікпен өлтірілген болатын. Осы қылмысқа күдікті деп 2000 және 2001 жылдары туған екі жасөспірім ұсталды. Тергеу амалдары барысында анықталғандай, оқиға түннің бір уағында орын алған. Ішімдік ішіп алған күдіктілер көршілерінің үйіне барып, 1951 жылы және 1984 жылы туған  əкесі мен ұлын жəне тағы бір адамды балтамен ұрып өлтірген. Оған қоса, көшеде тұрған көлікті бүлдірген. Осыған байланысты күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын.