Ақмола облысында 3,5 мыңға жауық мұғалім жаңа бағдарлама бойынша біліктіліктерін арттырды

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы - білімнің үлесі» тақырыбында баяндама жасаған басқарма басшысының сөзінше, облыста білім берудің замануи үлгісіне біртіндеп көшу бағытында ауқымды жұмыстары жүргізілуде.
«BlimLand.kz» оқу порталына өңірімізде 460 мектеп қосылды. Жаңа оқу жүйесін жүйелі қамтамасыз ету үшін қажетті оқу құралдары сатып алынды. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 1,1 миллиард теңге қаражат бөлінді. Оған қоса, тағы қосымша 364 миллион теңге қарастырылған. Осы күні қаржы толығымен игеріліп, тиісті мекемелерге жеткізіліп, тапсырылды. Биылғы жылы қазақ тілді емес мектептердің 1-11 сыныптарына қазақ тілін деңгейлеп оқытудың жаңа әдістемесі әзірленді. Сондықтан, биылғы 1 қыркүйектен бастап әзірленген жаңа әдістеме республика бойынша 150 мектеп пилоттық режимде сынақтан өтсе, біздің облыста 8 мектеп аталмыш әдістеме бойынша сабақ бере бастайды», - деді басқарма басшысы.
Еске сала кетейік, шараға Ақмола облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі, заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Нұрсейіт Байжанов, облыстық басқармалардың басшылары мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жетекшілері, ардагер ұстаздар, білім қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.