Ақмола облысында 3 адам өрттен құтқарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 3 адам өрттен құтқарылып, 22 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында 3 адам өрттен құтқарылды

Ведомствоның мәліметінше, өрт Көкшетаудың іргесіндегі Краснояр кентінде төрт қабатты тұрғын үйдің электр қалқанынан шыққан.

«Өрт болған жерге департаменттің жеке құрмынан 15 қызметкер және 4 арнайы техника жетті. Таңғы сағат 07:50 шамасында тілсіз жау ауыздықталып, 08:12 кезінде толық сөндірілді. Осы үйде тұратын 3 адам құтқарылып, 22 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер жоқ», - дейді ведомстводан.


Алдын ала мәлімет бойынша, қызыл жалын электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанған.