Ақмола облысында 30-дан астам мектепке тарихи тұлағалардың есімі берілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысындағы 32 білім мекемесі мен 1 спорт мектебіне қазақтың тарихи тұлғаларының есімі берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің тиісті қаулысы ашық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қаулыға сәйкес, Көкшетау қаласының мектептеріне келесі тұлғалардың есімі беріледі:

- Қалалалық № 4 орта мектебіне ˗ Қаныш Сәтбаевтың;

- Қалалалық № 6 мектеп-лицейіне ˗ Дінмұхамед Қонаевтың;

- Қалалалық № 12 орта мектебіне ˗ Жұмағали Саинның;

- Қалалалық № 17 мектеп-гимназиясына ˗ Қожа Ахмет Йассауидің;

- Қалалалық № 19 орта мектебіне ˗ Абылай ханның;

- Қалалалық № 21 мектеп-лицейіне ˗ Евней Бөкетовтің.

Аршалы ауылы бойынша:

- Ауылдық № 1 орта мектебіне ˗ Шоқан Уәлихановтың;

- Ауылдық № 2 орта мектебіне ˗ Әл-Фарабидің.

Астрахан ауылы бойынша:

- Ауылдық № 1 орта мектебіне ˗ Асқар Сүлейменовтің;

- Ауылдық № 2 орта мектебіне ˗ Қаныш Сәтбаевтың.

Ал, Петровка мен Подгорное ауылдарындағы жалпы орта білім беретін мектептерге ˗ Қайрат Рысқұлбековтың, Новочеркасское ауылының мектебіне ˗ Ғабиден Мұстафиннің, Жаңатұрмыс ауылының мектебіне ˗ Рақымжан Қошқарбаевтың, Первомайка мектебіне ˗ Шәкен Ниязбековтың, Атбасар қаласының № 8 мектебіне ˗ Ілияс Есенберлиннің, Степняк қаласы мен Жақсы ауылының № 1 мектептеріне ˗ Ахмет Байтұрсынұлының, Макинка ауылының және Щучинск қаласындағы № 7 мектеп-лицейіне ˗ Бауыржан Момышұлының, Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясына ˗ Кенесары ханның, Егіндікөл ауылының № 1, Жақсы ауылының № 2 мектебіне ˗ Сәкен Сейфуллиннің, Беловодское ауылының мектебіне ˗ Смағұл Сәдуақасұлының, Отрадный ауылының негізгі орта мектебіне ˗ Ыбырай Алтынсариннің, Зеренді ауылының № 1 мектебіне ˗ Бәйкен Әшімовтің, Еленов ауылының мектебіне ˗ Жұмабек Тәшеневтің,Балкашин ауылының № 1 мектебіне ˗ Әлихан Бөкейханның есімі берілмек. Сонымен қатар, енді мамандандырылған Атбасар балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі Анатолий Храпатыйдың есімімен аталады.

Еске салайық, бұған дейін Ақкөл қаласының көшелеріне әл-Фараби мен Роза Бағланованың есімі берілетірін жазып едік.


Соңғы жаңалықтар