Ақмола облысында 32 отбасы баспаналы болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Есіл ауданында баспана кезегінде тұрғандарға жаңа пәтердің кілті тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында 32 отбасы баспаналы болды

Аудан әкімдігінің мәліметінше, баспаналы болғандардың негізінен көпбалалы отбасылар, жетім балалар, медицина қызметкерлері, білім беру саласының қызметкерлері және тұрғын үйлері апатты деп танылған тұрғындар, олардың көпшілігі ұзақ жыл пәтер кезегінде тұрғандар.

«Бізде бес бала бар, біз көпбалалы отбасы ретінде кезекте тұрдық. Пәтер маған ұнады, үлкен дәліз, кең бөлмелер мен ас үй бар, мұның барлығы үлкен отбасылар үшін маңызды», – деді көпбалалы ана Қарлығаш Әбдірахманова.

Ағымдағы жылы «Жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша кезекте тұрған 45 отбасы пәтер алды. Биыл тағы бір 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда.

Айта кету керек, 2025 жылға дейін Есіл қаласында тағы бірнеше көпқабатты үйлердің құрылысы жоспарланған, бұл өз кезегінде Кезекте тұрғандардың санын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.