Ақмола облысында 37 жастағы ер адам өрттен көз жұмды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 37 жастағы ер адам өрттен көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында 37 жастағы ер адам өрттен көз жұмды

Оқиға Ерейментау ауданының Жолбасшы ауылында, жаңа жылдың алғашқы күні орын алған.

«Тілсіз жау 1981 жылы туған ер адамның өмірін қиып кетті. Өрт кезінде онымен бірге тұратын əйелдің денесі күйіп қалды», - деп түсіндірді Ақмола облысының ПД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның дерегінше, қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.