Ақмола облысында 49 мектеп қашықтан оқытуға ауыстырылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы коронавирус инфекциясының тіркелуіне байланысты 49 мектеп карантинге жабылып, қашықтан оқытуға көшті. Бұл туралы Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында 49 мектеп қашықтан оқытуға ауыстырылды

«Оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандардың саны артып келеді. Сол себепті біз мектеп оқушылары, техперсонал, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері арасында аурудың ең болмағанда бір жағдайын тіркеу кезінде біз тізбекті бұзу және оқушылар арасында жаппай аурудың алдын алу үшін мекемені екі аптаға қашықтықтан оқыту нысанына ауыстыруды шешіп отырмыз», - деп түсіндірді бас санитарлық дәрігер.

А.Мусинаның айтуынша, пандемия басталғаннан бері мектеп оқушылары арасында барлығы 548 COVID-19 жағдайы тіркелген, оның ішінде 205-і штаттық режимде оқитын оқушылар арасында және 343-і қашықтан оқитындар арасында. Үшінші тоқсанның басынан бастап 296 жағдай, ал тәулігіне 14 жағдай тіркелді.

«Бүгінгі таңда облыс бойынша 49 мектеп карантинге алынып, қашықтан оқытуға ауыстырылды. Оның 12-і Көкшетау қаласында, 5-і Есіл және Сандықтау аудандарында, 4-і Біржан сал және Зеренді аудандарында, 3-і Бурабай, Жақсы, Жарқайың, 2-і Астрахан, Атбасар, Бұланды аудандарында. Ал, Ақкөл және Целиноград аудандарында бір-бірден», - деп атап өтті А.Мусина.