Ақмола облысында 49 мыңнан астам адам екпе алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 49 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе алды. Бұл ұжымдық иммунды қалыптастыру үшін екпе салу жоспарланған адамдардың 64,6 пайызы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында 49 мыңнан астам адам екпе алды

Ведомствоның мәліметінше, облыста тұмауға қарсы екпені медицина қызметкерлері–5198, 2-3 айлық жүкті әйелдер–441, созылмалы ауруымен диспансерлік есепте тұрған ересектер мен балалар–2623, жиі ауыратын 3 жасқа дейінгі балалар–148, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің тәрбиеленушілері – 252, тыныс алу және жүрек қан тамырлары жүйесінің созылмалы аурулары бар –14770, эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша–24569, қарттар мен мүгедектер үйлерінде медициналық-әлеуметтік көмек алатын–1273 адамға салу жоспарланған.

«Бүгінгі күні облыс бойынша барлығы 49274 адам екпе алды. Бұл ұжымдық иммунды қалыптастыру үшін екпе салу жоспарланған адамдардың 64,6 пайызы», - дейді ведомстводан.