Ақмола облысында 50 адамға мерейтойлық медальдар табыс етілді (ФОТО)
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Конституциясы күні қарсаңында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Елбасы Жарлығымен марапатталған облыстың аудандар мен қала әкімдеріне, облыстық басқарма басшыларына «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Осы күні барлығы 50 адам мерекелік медальдарға ие болды.
Өңір басшысы облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы айта келе, жиналғандарды келе жатқан мерекелерімен құттықтады. «Сіздерді тағы да мерекелік марапатқа ие болуларыңызбен құттықтаймын және барлығымызға мемлекет тарапынан артылған сенімді ақтау үшін және ел Президентінің алдымызға қойған міндеттерін орындау үшін қажырлы еңбек етуге шақырамын!», - деп атап өтті С.Кулагин.