Ақмола облысында 54 жастағы ер адамға жай түсіп мерт болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасар ауданында 54 жастағы ер адамға жай түсіп мерт болды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Қайғылы жағдай 11 маусым күні түсте сағат 13:30-дар шамасында Новомариновка ауылында орын алған. Мал бағып жүрген 1962 жылғы В.Помосовтың үстіне найзаға түсіп, сол жерде көз жұмды», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар