Ақмола облысында 55 жастағы ер адамға іздеу жарияланды
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 55 жастағы ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 2018 жылдың 8 қаңтарында Зеренді ауданының ІІБ кезекшілік бөліміне 55 жастағы Вильгельм Юрий Александровичтің жоғалып кеткені туралы ақпарат түскен.
Қызының сөзінше, əкесі Юрий 2017 жылдың 26 желтоқсанында үйінен шығып, қайтып оралмаған.
Қазіргі кезде, ер адамды іздеуге Зеренді аудандық ІІБ жеке құрамы мен көрші аудандардың құқық қорғау органдарының қызметкерлері тартылып отыр.
Вильгельм Юрий Александрович: бойы 170-175 см. Шашы қара, дене бітімі орташа. Ерекше белгілері: сол қолында "Ю" əрпі жазылған татуировка бар. Сонымен қатар, іш тұсында тура біткен меңі бар. Үстіне қара түсті куртка киген.