Ақмола облысында 56 жастағы ер адам үйімен бірге жанып кетті

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жақсы ауданындағы жекеменшік үйлердің бірі өртке оранып, бір адам көз жұмды, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.

Ақмола облысында 56 жастағы ер адам үйімен бірге жанып кетті

Қайғылы оқиға бүгін түнгі уақыт 01:38 шамасында Жақсы ауданындағы Подгорное селосында орын алған. Оқиға орнынан «Подгорное» ЖШС-нің жұмысшысы 1958 жылғы ер адамының денесі табылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ облыстық ТЖД жеке құрамынан 3 адаммен өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы және «Подгорное» ЖШС-нің ерікті өрт жасақтары тартылды.