Ақмола облысында 6 бас ірі қараны қолды еткен күдікті қолға түсті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 2,3 миллион теңгенің мал ұрлығы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  Ақмола облысында 6 бас ірі қараны қолды еткен күдікті қолға түсті

Полицейлердің дерегі бойынша ұрлық Қорғалжын ауданында болған. Қыркүйектің 14-і күні ішкі істер бөліміне жергілікті ЖШС-дің бірінің директоры арызданып, Күлтай ауылында далада жайлып жүрген 6 бас ірі қара малының жоғалғанын айтқан. Кәсіпкер мал құнын 2 300 000 теңгеге бағалап отыр.

«Кешенді жедел-іздестіру шарасы барысында мал ұрлығына күдікті Целиноград ауданының 36 жастағы тұрғыны ұсталды», деп көрсетілген ведомствоның хабарламасында.

Қазіргі кезде, ҚР ҚК 188 бабының 3 бөлігі бойынша (ұрлық) іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.