Ақмола облысында 6 жасар баланы көлік қағып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Есіл қаласында көлік басып кеткен 6 жасар бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың 30 наурызында сағат 16:30-да Есіл аудандық полиция бөліміне жергілікті аурухананың фельдшері хабарласып, Мичурин көшесінде жол-көлік оқиғасы туралы айтқан.

«Анықталғандай, Есіл қаласының 20 жастағы тұрғыны көлігімен артқа шегу кезінде 6 жасар баланы басып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші мас болмаған. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды», -деді ведомстводан.

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар