Ақмола облысында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ақмола облысының Целиноград ауданында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудандық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ауданда «Нұрлы жер» және «7-20-25» мемлекеттік бағдарламалары ойдағыдай жүзеге асырылуда. Осының арқасында тұрғын үй құрылысы секторы мен ипотекалық несиелендіру нарығында оң өзгерістер байқалады. Аталмыш бағдарламалар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген бағыттарды қамтиды. Соның бірі «БAT 12 Астана» құрылыс-инвестициялық компаниясы өз қаражаты есебінен салынған көппәтерлі тұрғын үй. Баспаналы болғандардың арасында  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары, «Дипломмен ауылға» бағдармасы арқылы келген мамандар мен тұрғын үй кезегінде тұрғандар бар.

Жаңа пәтерлердің кілтін аудан әкімі Мәлғаждар Тәткеев табыс етіп, қуаныш иелерін құттықтады.

«Көппәтерлі тұрғын үй құрылысы біздің өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының тағы бір қадамы, яғни біздің жерлестеріміздің  өмірінің жақсаруы. Астананың 20 жылдығына және Целиноград ауданының 90 жылдығына орайластырылған қоныстой екі есе көп қуанышты боларына кәміл сенемін. Әрбір үйге жылулық, жайлылық пен игілік тілеймін. Жаңа үйдің қабырғасында әрқашан сіздің балаларыңыздың бет-әлпеттерінен қуаныш пен күлкі кетпесін», - деді аудан әкімі Мәлғаждар Тәткеев.

«БAT 12 Aстанa» құрылыс-инвестициялық компаниясының директоры Ерден Баренованың айтуынша 2017 жылы компанияға Ақмол ауылынан 60 пәтерлік тұрғын үй салу үшін аумағы 3428,7 шаршы метр болатын 0,22 гектар жер бөлінген. Тұрғын үй құрылысына энергия үнемдейтін және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін заманауи құрылыс материалдары қолданылды.

Үш подъезді үйде 60 пәтер бар, оның 30-ы бір бөлмелі және 30-ы екі бөлмелі.  Бір бөлмелі пәтердің ауданы - 35 шаршы метр, екі бөлмелі пәтердің ауданы  - 56 шаршы метрді құрайды.  1 шаршы метрдің құны - 150 мың теңге. Бір бөлмелі пәтердің құны - 5 250 000 теңге, екі бөлмелі пәтердің құны - 8 400 000 теңге.

Соңғы жаңалықтар