Ақмола облысында 87 елді мекенде электр жарығы өшкен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 10 елді мекен электр қуатына қайта қосылды. Бұл туралы Ақмола облысының төтенше жағдайлар департемінтінің баспасөз қызметі мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ақмола облысында дауылды желдің кесірінен 87 елді мекендегі 40088 абонент электр жарығынсыз қалды. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Күндізгі сағат 10.00-дегі мәлімет бойынша, 10 елді мекенде ақау жойылып, 2462 абонент электр қуатына қосылды», - делінген департамент ұсынған мәліметте.

«Қазгидрометтің» бүгінгі мәліметі бойынша еліміздің Шымкент қаласынан басқа өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды.

Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр.

6 өңірде республикалық маңыздағы жолдар әлі жабық.


Соңғы жаңалықтар