Ақмола облысында 9 күн бұрын жоғалған жігіт табылмай жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында тоғыз күн бұрын жоғалған 21 жастағы жігіт табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 ақпанда Көкшетау қалалық ПБ-на облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны өтінішпен жүгініп, 2002 жылғы ұлы Рахман Жасланұлы Божантаевты іздеуге көмек сұрады.

Ер адамның сөзінше, ұлы 6 ақпанда Астанадан қонаққа барып, ол жақтан 13 ақпанда кеткен, содан бері хабарсыз.

Жоғалған адамның бойы 170-175 см, дене бітімі арықша келген, шашының түсі қара.

Жоғалған адамды іздеуге Көкшетау қаласы ПБ-ның жеке құрамы мен күштері жұмылдырылды.

Рахман Божантаевтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдар дереу 87786453579, 87028779255, 8(7162)257805 телефон нөміріне немесе 102 желісіне хабарласуына болады.


Соңғы жаңалықтар