17:20, 14 Наурыз 2017 | GMT +5
Ақмола облысында адам саудасымен айналысқан күдіктілер ұсталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында адам саудасымен айналысқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімшесінің мәліметі бойынша, қылмыскерлер ағымдағы жылдың қаңтарында облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны Атбасар қаласының тумасы 20 жастағы қызды 100 000 теңгеге сатып жіберген.
Осыған оқиға байланысты ҚР ҚК 128 бабының 1 бөлімі бойынша (адам саудасы) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, наурыздың 13 күні ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімшесінің қылмыскерлері СҚО Қызылжар ауданының тұрғыны 25 жастағы қызды күштеп жезөкшелікке жеккен Көкшетау қаласының тұрғыны 1976 жылғы әйелді ұстады.
Қазіргі кезде, оның үстінен де ҚР ҚК 308 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.