Ақмола облысында «Ақ бидай» 30-шы жазғы спартакиада ойындары басталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жарқайың ауданында «Ақ бидай-2017» 30-шы жазғы спорттық ойындарының облыстық спартакиадасы басталды,  деп хабрлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Жарысқа қатысушыларды құттықтаған аймақ басшысы Мәлік Мырзалин жастар арасында бұқаралық спортты насихаттап, салауатты өмір салтын ұстану Елбасы саясатының басты бағыттары екенін атап өтті.

 «Бізде денешынықтыру және спортты насихаттауға зор көңіл бөлінуде. Салауатты өмір салтын ұстану бағытындағы мемлекеттік жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Облыста жыл сайын қазіргі заманғы спорттық нысандар пайдалануға берілуде. Соңғы екі жыл ішінде спорттық нысандардың саны 100-ге артты», - деп атап өткен облыс әкімі спортшыларға жеңіске жетулеріне тілектестігін білдірді.
null

Еске сала кетейік, жарысқа облыстың әр өңірінен келген командалар футбол, волейбол, шахмат, дойбы, үстел теннисі, жеңіл атлетика, отбасылық старттар тәрізді спорттың 7 түрі бойынша бақ сынайтын болады.
null

Спартакиаданың ашылу салтанаты Державинск қаласындағы 100 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген «Жастар» стадионында өтті. Жарыс тамыздың 26-на дейін жалғасады. Жеңімпаздар республикалық спартакиадаға жолдама алады.

 

 

Соңғы жаңалықтар