Ақмола облысында аккумуляторларды қайта өңдейтін зауыт салынып жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Облыста жаңартылатын энергияны дамыту, жасыл құрылыс, орнықты және тиімді органикалық ауыл шаруашылығы, қалдықтарды басқару және қайта өңдеуді қоса алғанда, «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі жобалар саны ұлғаюда. Сондықтан мемлекет экология саласындағы жобаларды белсенді қолдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ақмола облысында аккумуляторларды қайта өңдейтін зауыт салынып жатыр

Степногор қаласында пайдаланылған аккумуляторларды қайта өңдеу зауытының құрылысы аяқталуда. Бұл жобаны «Даму» қоры қаржыландырды. Электр энергиясын сақтаудың химиялық құралдары экологияға зиянды. Сондықтан жаңа өндіріс бүкіл аймақ үшін үлкен маңызға ие.

«Қазақстанда мұндай зауыт тек Талдықорғанда ғана бар. Тиісінше, нарық үлкен. Бізде шикізат жинауда проблемалар болмайды. Көптеген жылдар бойы біз батареялармен айналысамыз. Пайдаланылған қалдықтар зауыттарға жіберілді. Оларды зерттеді. Дайын өнімге деген сұраныс та жоғары»,- деді жоба жетекшісі Борис Мельников.

Зауыт жылына шамамен 22 мың тонна пайдаланылған аккумуляторларды өңдейтін болады. Жобалық қуатты 13 мың тоннаға жетеді. Дайын өнімді – қорғасын құймаларын – аккумуляторлар шығаратын зауыттарда сату жоспарлануда. Сыртқы корпустан алынатын пластмасса полиэтилен өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға өткізілетін болады.

Айта кетейік, зауытты осы жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде ғимаратты қайта құру жұмыстары жүргізілуде, іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, инфрақұрылым толық қамтамасыз етілді, Ресейден жабдықтар әкелінді. Тұрақты негізде 70 адам жұмысқа орналасады.