Ақмола облысында алдағы күндері болатын ауа райының болжамы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында алдағы күндері тұман, көктайғақ және боран болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазгидромет» филиалының директоры Бақыт Мақажанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында алдағы күндері болатын ауа райының болжамы

Оның мәліметі бойынша қазіргі кезде облыстың солтүстік, оңтүстік-батыс және батыс аудандарында жылдағы нормадағыдай қар түсті. Оның ішінде Сандықтау ауданында 58 пайыз, Атбасарда-8,8 пайыздан астам, Есілде-145 пайыз, Жақсыда-1,4 пайызға жоғары, Жарқайыңда-23,6 пайызға жоғары, Бурабайда-64,6 пайызға жоғары, Көкшетауда-42,7 пайыз.

Дегенмен, 25 наурыздағы өлшемге қарағанда облыс бойынша қардың орташа қалыңдығы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46 пайыздан кем, сондай-ақ, қардағы судың мөлшері де 45 пайызға кем екені анықталды.
Наурыз-сәуір айларында циклон және антициклондардың әсерінен ауа райы күрт өзгеруі мүмкін.

«Осы айда жауын-шашын нормадан көп болады деп күтілуде. Кейбір жерлерде жауын-шашын, көктайғақ болып, тұман түседі. Шығыстан соққан желдің қарқыны алғашқы онкүндіктің бірінші жартысы мен ортасында секундтына 15-20 метрге дейін, ал үшінші онкүндікте оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел тұрады», деді Б. Мақажанова.
null 

Қазіргі кезде, Ақмола облысы бойынша алдағы бір аптаның ауа райы болжамы жасалды. Осыған сәйкес, (90 пайыз дәлдік) облыс аумағында ауа температурасы (-4 градус) өз нормасы шамасында болады.