Ақмола облысында алдағы үш күнде бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысында алдағы үш күнде бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін

20 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады. 21-22 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады және дауыл болып, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Астанада 20 маусымда күндіз найзағай ойнап, батыстан екпіні 15 м/с жел тұрады. 21 маусымда күндіз найзағай ойнап, батыс бағыттан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. 22 маусымда найзағай ойнап, бұршақ түседі және дауыл болып, батыстан ұйытқуы 15-20 метр секундтық желі есуі ықтимал.