10:58, 20 Тамыз 2020 | GMT +5
Ақмола облысында әлеуметтік желіде порнографиялық сурет таратқандар ұсталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында әлеуметтік желіде порнографиялық сурет таратқан үш адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, облыс аумағында «Anti-fraud» жедел алдын алу шарасы барысында ақпараттық технологияны қолдану арқылы порнографиялық суреттің интернет желісінде таратылғаны анықталған.
«Ақмола облысының 23 және 25 жастағы екі тұрғыны, сондай-ақ 34 жастағы астаналық ұсталды. Үш әйел де порнографиялық сайттағы өз парақшасына интимдік суреттерді жариялаған», - дейді ведомстводан.
Қазіргі кезде осыған байланысты ҚР ҚК 311 бабы бойынша (порнографиялық материалдар мен заттарды заңсыз жариялау) қылмыстық іс қозғалды.