Ақмола облысында алғашқы 500 мың гектар алқаптың дәнді дақылы жинап алынды

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне сәйкес, бүгінгі күнге дейін аймақтағы 3,5 миллион гектар алқаптың алғашқы жарты миллион гектарының өнімі жинап алынды. Әзірше гектар берекесі  6,8 центнерден айналуда,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жиын-терін жұмыстарына облыс бойынша  17 мың комбайн, он мың трактор, 2600 жатка, 8500 тіркеме қатыстырылуда. Тек ағымдағы жылы 380 жаңа астық комбайны сатып алынып, жұмысқа қосылған. Астықты тазартып, сақтау ісіне елу кәсіпорын әзір етілген. Өңірлік ауыл шаруашылығы саласын өркендету мақсатына мемлекет тарапынан 3,5 миллиард теңге қаржы қарастырылса, оның 2,5 миллиард теңгесі жанар-жағармай алуға бағытталып отыр. Оның сыртында тұқым қорын жасау, тыңайтқышпен қамту қарастырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар