Ақмола облысында алты машина тиелген жүк көлігі аударылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Екатеринбург - Алматы автожолында 6 автокөлік тиелген Mercedes Actros аударылып қалды. Жүргізуші оқиға орнынан жасырынуға тырысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат POLISIA.KZ телеграм каналына сілтеме жасап.

Ақмола облысында алты машина тиелген жүк көлігі аударылды

Жол апаты 21 қазан күні болған. Mercedes Actros жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші жеңіл дәрежеде мас күйде болған. Ол апат жасағаннан кейін оқиға орнынан жасырынуға тырысқан.

Апат салдарынан адамдар зардап шеккен жоқ, тек машиналар механикалық зақымданды. Материалдық залал нақтыланатын болады.

33 жастағы жүргізушіге қатысты рөлге мас күйінде отырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, ол апат орнынан кетіп қалғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа жіберілді.