Ақмола облысында әр гектардан орта есеппен 7,7 центнерден өнім жиналуда

КӨКШЕТАУ.Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат  /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша 4 миллион 500 мың гектар егіс алқабының 800 мың гектары дестеге түсіріліп, 700 мың гектарының астығы бастырылды, әр гектардан орта есеппен 7,7 центнерден өнім жиналуда,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне сілтеме жасап.

Басқарма бастығының орынбасары Серік Жамбеталиннің айтуынша, күзгі жиын-терін жұмыстары барлық өңірде қарқын алуда. Қазіргі кезде Егіндікөл ауданының диқандары көш алда келеді. Ауа райының қиыншылығына қарамастан, өскен өнімді жерде қалдырмауды көздеген Қорғалжын, Есіл, Ақкөл аудандарының механизаторлары еселі еңбек етіп, орақ науқанында серпіліс танытып отыр. Аймақ бойынша егіс науқанына он мың астық комбайны, 2600 жатка, 8500 тіркеме қатыстырылуда. Тек ағымдағы жылы жаңадан 380 комбайн ораққа қосылған. Жиналған өнімді қабылдап, өңдеу міндеттері 52 астық қабылдау кәсіпорындарына жүктелген. Өңірде ауыл шаруашылығы саласын өркендету мақсатына республика қазынасынан 3,5 миллиард теңге қаржы қарастырылып, оның дені жанар-жағармай сатып алып, тұқым қорын қалыптастыруға, қажетті мөлшерде тыңайтқышпен қамтуға жаратылды.

Соңғы жаңалықтар