Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар бағыттағы жолдар жабылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар бағыттағы жолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар бағыттағы жолдар жабылды

Бұл туралы «Қазавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бүгін ауа райының күрт жылынуы (жаңбыр мен көктайғақ) салдарынан күндізгі уақыт 15:45 минут шамасында «Астана-Петропавл» тас жолының 231-293, 304-341 шақырымда, «Көкшетау-Рузаевка» тас жолының 0-61шақырымда, «Көкшетау-Омбы» тас жолының 2-50 шақырымында, «Көкшетау-Атбасар» тас жолының 0-184 шақырымында және Көкшетау қаласы аумағы мен Щучье-Бурабай курортты аймағына қатынайтын жолдардың бойында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды», - деп көрсетілген хабарламада.