Ақмола облысында ауыл клубы жанып кетті

АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - 9 наурызда сағат 12.35-те Ақмола облысының Сандықтас ауданында орналасқан 1 қабатты ауыл клубында өрт болды.

Ақмола облысында ауыл клубы жанып кетті

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сағат 15.20-да толығымен сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 50 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.