Ақмола облысында ауылдарды электрмен жабдықтау мәселелері шешімін табуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин бекіткен ақпараттық жұмыс кестесіне сай өңірде облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың және экономиканың өзге салаларындағы басшылардың халық алдында есеп беруі және жеке қабылдау форматында «Ашық есік» күндері өтуде. Осындай алаңдар Целиноград ауданының Қараөткел және Талапкер ауылдарында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Аталмыш елдімекендер Астананың іргесінде орналасқандықтан дәлме дәл және мекенжай жұмыстары бойынша көп көңіл бөлуді қажет етеді.

Қабылдауға келген тұрғындар энергия және сумен жабдықтау, ауылішілік көшелерді жөндеу, жедел медициналық қызмет көрсету, учаскелік полиция қызметінің, экологиялық және санитарлық  мәселелерін көтерді. Осы орайда, тұрғындарға көтерілген көптеген мәселелер бойынша түсініктеме берілсе, кейбірін жауапты тұлғалар бақылауына алатын болды.

«Ағымдағы жылы Қараөткел ауылында электрмен жабдықтау бойынша 87 шақырым электр желісі салынды. Осының арқасында ауылдағы 340 жаңа үй жарыққа қол жеткізді. Оған, қоса, ауылда екінші кезеңде электрмен жабдықтау желісін салу бойынша жер телімі рәсімделуде. Жыл соңына дейін ауылды сумен қамтамасыз ету жоспарда бар.
null

Талапкер ауылында 1 200 абонентті электр желісіне қосу кезең кезеңмен жүзеге асырылуда. Биыл ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз ету бойынша тартушы желінің құрылысы басталды. Нысанды  2021 жылы аяқтау жоспарланған.

Биліктің назарындағы тағы бір өзекті мәселе ол осы ауылдағы жолдың жағдайы,  6,6 шақырым жол салынып, қараша айында аяқтау жоспарда бар. Сонымен қатар,  тұрғындарды толғандырған 96-шы разъезден шыға берістегі жолға бағдаршам орнату мәселесі де оң шешілуде», дейді облыстық ішкі саясат басқармасындағылар.

Қараөткел аулының ақсақалы Амангелді Құсайынов ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, тұрғындар мен билік өкілдерінің бетпе бет кездесуін тұрақты түрде өткізіп тұру қажеттігін атап өтті. Жалпы, жергілікті қоғам өкілдері тұрғындарды қабылдау шарасына оң бағасын берді.

Өз кезегінде Ақмола облысының әкімі Айна Мысырәлімова осындай форматта ауыл тұрғындарымен кездесу тұрақты түрде өткізілетінін айтып сендірді. Шара соңында өңірдің әлеуметтік-эконмикалық дамуына елеулі үлес қосқан Целиноград аудынының тұрғындары облыс әкімі орынбасарының Алғыс хаты және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

null 

Соңғы жаңалықтар
telegram