Ақмола облысында автокемпинг алаңдары салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы тиісті инфрақұрылымы бар автокепмингтер алаңдарын салуды жоспарламақ, деп хабарлады өңір әкімінің кеңесшісі Марат Иғали.
«Ақмола облысындағы туризм инфрақұрылымдарын дамыту мәселесін талқыладық. Атап айтқанда, автокемпингтерге арналған алаңдар (барлық инфрақұрылымдарымен) бөлуді жоспарладық»,- деп жазды М. Иғали Facebookтегі өзінің парақшасында.
Сондай-ақ ол жексенбіде өңір басшысының қатысуымен Ақмола облысындағы туризмді дамытудың жол картасына байланысты ұсыныстар да талқыланғанын хабарлады.
«Brainstorming - туризм проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік туғызады. Талқылауға қатысқандар осыған байланысты бірнеше нұсқаларды ұсынды», -дейді әкімнің кеңесшісі.
М. Иғали аймақ тұрыңдары мен туристерді жол картасын жасақтауға атсалысуға шақырды.
«Достар, өздеріңізге кездесіп отырған көкейкесті мәселелерді және Ақмола облысында туризмді дамыту бағытындағы ұсыныстарыңызды жолдаңыздар»,- деп жазды ол.