Ақмола облысында аяқталмаған құрылыс нысандары бойынша бюджет қаражаты негізсіз төленген

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Ерейментау ауданында аяқталмаған құрылыс нысандары бойынша бюджет қаражаты негізсіз төленгені анықталды. Бұл туралы аудан прокуратурасының мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау заңдылығына жүргізген мониторингісі барысында анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақмола облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Ерейментау ауданы прокуратурасы аяқталмаған құрылыс нысандары бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын төлеу арқылы кәсіпкерлерге заңсыз артықшылық көрсету фактілері анықталды.

«Атап айтқанда, аудан аумағында 45 және 60 пәтерлі үйлер мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүзеге асырылуда, олар бойынша Ерейментау ауданының құрылыс бөлімінің басшысы 100 миллион теңге сомасына негізсіз төлем жүргізген. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер тарапынан мұндай әрекеттер мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар санатына жатады. Аудан прокуратурасының актісі бойынша бөлім басшысы «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапқа тартылды», - деді ведомстводан.

Осыған ұқсас фактіге Ерейментау ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы тарапынан да жол берілген.

«Бөлім басшысының міндетін атқарушы 3 миллион теңге бюджет қаражатын негізсіз төлегені үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапқа тартылды», - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар