Ақмола облысында азаматтық қоғам институттарының жұмысы қорытындыланды

Билік органдары мен азаматтық институт өкілдерінің қорытындысы кездесуіне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов өз сөзінде демократияны, азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес секторы мен мемлекет арасындағы байланысты, этносаралық түсіністік пен бейбітшілікті нығайту бірінші кезекте қаралатын мәселелердің бірі екендігін еске салды.
"Қазір облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамымыздағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Билік органдары мен азаматтық қоғам институттарының арасында орнатылған тығыз байланыстың нəтижесінде көптеген мəселелерді шешуде қоғамдық көшбасшылардың пікірлері мен сараптама қорытындылары ескеріліп, конструктивті негізде жүзеге асырылуда", деді Н.Нұркенов.
Шара барысында азаматтық қоғам институттарының белсенділері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 25 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталды жəне Тəуелсіздік құрдастарына ҚР Президентінің сыйлығы тапсырылды.