Ақмола облысында балабақшамен қамту 98 пайызға жетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Ақмола облысында балаларды балабақшамен қамту 98 пайызға жетті. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттары алдында 8 айдың жұмыс қорытындысы бойынша есеп берген өңір басшысы Мәлік Мырзалин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысында балабақшамен қамту 98 пайызға жетті

Облыс әкімі жергілікті атқарушы органдарға мәселені түбегейлі шешу үшін мемлекеттік-жекешелік жобаларға бизнес құрылымдарын тарту жұмыстарын белсендіруді тапсырды.

«Ең алдымен облыс орталығын балабақшалармен қамту керек. Мұнда мектепке дейінгі кезекте 3 мыңға жуық бала тұр. Сонымен қатар, қалада балала туу көрсеткіші  артқан және ішкі өңірлік миграция жоғары», - деді Мәлік Мырзалин.