Ақмола облысында барлық алқаптың төрттен бірінің өнімі жинап алынды
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 12-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қыркүйектің 12-сіндегі мәліметтері бойынша, аймақта 1 миллион 400 мың гектардың дәнді дақылы дестеге түсіріліп,
1 миллион 250 мың гектардың өнімі жинап алынды, бұл барлық алқаптың төрттен біріне тең, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық басқарма бастығының орынбасары Серік Жамбеталиннің айтуынша, қазіргі таңда әр гектардан алынған өнім 8,3 центнерден айналуда. Егіндікөл ауданында барлық алқаптың 46,5 пайызында, Атбасарда 40,4 пайызында, Есілде 36,6 пайызында, Қорғалжын ауданында 35,6 пайызында дәнді дақыл жинап алынып, күзгі жиын-терін жұмыстарында алда келеді. Облыс бойынша келер жыл егісіне 20 мың тонна тұқым құйылып алынды.