Ақмола облысында бауырын ұрып өлтірген 39 жастағы күдікті ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында өгей бауырын айуандықпен  өлтірген 39 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 14 қазан күні Көкшетау қалалық ІІБ-ге жергілікті тұрғын хабарласып, Зеренді бағытындағы саяжай аумағында ер адамның мәйіті табылғанын айтқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамның біреудің қолынан мерт болғанын анықтады.

«Оқиға орнында марқұмның құжаттары мен айғақтардың болмауы қылмыстың бетін ашуға біраз қиындықтар туғызды. Дегенмен, жедел-іздестіру шарасы барысында қаза болған адамның 33 жастағы Қостанай облысының тумасы екені анықталды. Артынша, полицейлер осы қылмысқа қатысты 39 жастағы күдіктіні ұстады. Оның түсініктемесі бойынша, көз жұмған адаммен екеуі өгей бауыр болған. Сол күні екеуара дау шығып, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан 33 жастағы өгей інісі көз жұмған», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар