Ақмола облысында белгісіз жағдайда түн ортасында 4 жасар бала суға батып кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Тойғанкөл көлінде балық аулау кезінде 7 тамыз күні түнде 72 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ.
9 тамыз күні ҚР ТЖМ Ақмола облысы ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен (5 адам мен 1 техника) оның денесі табылып, судан шығарылды.
Ақмола облысынң Қатаркөл ауылындағы Қотыркөл көліне бүгін түнде белгісіз жағдайда 4 жасар бала батып кетті. Бір сағаттан кейін баланың мүрдесін судан полиция қызметкерлері алып шықты.
Қарағанды облысының Есіл ауылында 8 тамыз күні Есіл өзеніне суға шомылу кезінде 18 жастағы жас жігіт батып кетті. 9 тамыз күні сағат 07:25-те мәйітті судан ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД суда құтқару қызметінің құтқарушылары (5 адам мен 1 техника) алып шықты.