Ақмола облысында бензиннің ақшасын ұрлаған полиция подполковнигі 7 жылға сотталды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында бензиннің ақшасын ұрлаған полиция подполковнигі мен полиция капитаны 7 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биылғы жылғы қаңтардың 30-да Целиноград аудандық сотының үкімімен Ақмола облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының командирі полиция подполковнигі Талғат Ерденов пен патрульдік полиция ротасының аға инженері полиция капитаны Мақсат Жаманбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылып, олардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Аталған адамдар қызметтік автокөлік құралдарын толтыру үшін бөлінген 100 млн теңге сомасында жанар-жағанмай талондарын алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды», - деді Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, сот үкімін жариялау процесі патрульдік полиция ротасы жеке құрамының қатысуымен өтті.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

«Қоғамдық бақылау институтын іске асыру аясында сотталғандарды әшкерелеуге «Әділдік жолы» ӨҚБ атынан жұртшылық өкілдері өз үлестерін қосты», - деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетсек, 6 мыңға жуық адамды алдаған алаяқ 5 жылға сотталды.


Соңғы жаңалықтар
telegram