Ақмола облысында бірқатар автожолдар жабылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар автожолдар жабық күйінде қалып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында бірқатар автожолдар жабылды

«Қазавтожол» ҰК» АҚ деректері бойынша, республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғаласына шектеу қойылды. Ақпанның 7-де сағат 13:30 бастап «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 0-61 км (Көкшетау қаласы - СҚО шекарасы) жабылды.

Бұдан басқа республикалық маңызы бар автожолдардың алты учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген.

Ақпанның 6-сында сағат 19:45 бастап «Екатеринбор-Алматы» автожолының 917-1247 км (Жақсы кенті-Нұр-Сұлтан қаласы), «Жақсы-Есіл – Бұзылық» автожолының 0-65 км (Жақсы кенті-Есіл қаласы), «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолының 232-260 км (Қостанай облысының шекарасы - Сұрған кенті), «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-595 км (Қостанай облысының шекарасы-СҚО).

Ақпанның 7-інде сағат 00:30 бастап «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 18-231 км (Нұр-Сұлтан қаласы-Щучинск қаласы), ал 11:45 бастап «Нұр-Сұлтан-Петропавл қаласы» автожолының 304-341 км (Көкшетау қаласы-СҚО шекарасы).

Сондай-ақ, ақпанның 7-інде сағат 11:45 бастап облыстық маңызы бар автожолдардың 24 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді. Атбасар ауданында - «Атбасар-Қима» (0-80 км), «Атбасар-Сочинское» (0-97,1 км), «Атбасар-Шуйское-Макеевка» (0-36 км), «Атбасар қаласына №2 кіреберіс» (0-4 км) автожолдары. Ақкөл ауданында «Жаңа Колутон-Ақкөл-Азат-Минск» (0-200,3 км), «Ақкөл-Азат» - Новорыбинка» (0-25,1 км), «Азат-Степногор» (0-41 км), «Кіші Барап-Кордон» (0-14 км), «Ақкөл-Азат»-Қайнар» (0-11 км) автожолдары бар.

Жақсы ауданында - «Жақсы-Державинск» (0-91 км), «Қийма-Терісақан» (0-49,2 км) автожолдары, Жарқайың ауданында- «Жақсы-Державинск» (91-140 км), «Державинск-Құмсуат» (0-58,2 км), «Донское-Костычево» (0-32 км) автожолдары, Есіл ауданында- «Бұзылық-Алматы» (км 0-57), «Еленовка-Чистополье-Есіл» (0-38 км), «Есіл-Свободное-Раздольное» (0-34 км), «Красивое-Ярославка-Раздольное» (0-26,6 км), Сандықтау ауданында-«Балкашино-Шаңтөбе» (0-56 км), «Петровка-Острогорка-Мариновка» (0-108 км), «Көкшетау-Атбасар» - Веселое» (0-24 км ауданда – «Новочеркасское-Егіндікөл»-Жантеке» (0-53 км), «Новочеркасское-Егіндікөл» - Қайнарское» (0-52 км), Бұланды ауданында- «Жалтыр-Макинск» (0-122,6 км).