Ақмола облысында бірқатар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында бүгін сағат 16.30-дан бастап «Өскемен-Зырян» авто жолының 6-46 шақырымында және Ушановский ауылы мен Степное аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу алынды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Мекеменің ақпаратына қарағанда «Өскемен-Зырян» авто жолының 6-46 шақырымында жолды тау монолитінен тазалау жұмыстарына «Қазақавтожол» РМК-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы №30 жол пайдалану бөлімшесінің 4 техникасы мен 4 жұмысшысы жұмылдырылды.

Ал Ақмола облысында бүгін сағат 12.00-ден бастап қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 913-963 шақырымы, Атбасар-Жақсы аралығы, «Жақсы-Есіл-Бұзлұқ» жолының 0-82 шақырымы, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» аралығының 232-260 шақырымы, Қостанай обл. шекарасы-Сұрған аралығы және «Жезқазған-Петропавл» жолының 552-536 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Қостанай облысында да сағат 12.30-дан бастап қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» авто жолының 217-232 шақырымы, Октябрьский ауылы-Ақмола обл. шекарасы аралығында қоғамдық және жүк автокөлік түрлері үшін жол қозғалысы жабық.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

Соңғы жаңалықтар