Ақмола облысында биыл 1600 пәтер пайдалануға беріледі
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында тұрғын үй құрылысының қарқыны төмендемейді. Облыс орталығында биыл 8 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Пәтерлер кезекте тұрғандарға, оның ішінде көп балалы отбасыларға арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық саясат басқармасына сілтеме жасап.
«Кірпіш пен бетон плиталары жетіспейді. Алайда, біз мұны күнделікті жұмысымызда шешеміз. Кейде қаржыландыру жетіспейді. Көмек облыстық және республикалық бюджеттерден көрсетіледі. Материалдар құнының өсуіне байланысты 8 жобаға өзгерістер енгізілетін болады. Қазіргі уақытта 16 үй салынып жатыр. Олардың жартысын биыл аяқтау жоспарланып отыр», - деді Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса.
Олар үшін тұрғын үй құрылысы басымдыққа ие болған аудан орталықтарының тұрғындары да назардан тыс қалмайды.
Щучинскіде 45 пәтерлі үш үйдің құрылысы өткен жылы басталды. Қазіргі уақытта біреуінде 2-қабаттың құрылысы жүріп жатыр, ал қалған бөлігінде іргетасы құйылуда. Бұл нысандарды жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған.
«Щучинскідегі 5 көпқабатты тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Оларды салуға бюджеттен қаражат алуға өтінім берілді. Тоғыз қабатты үш үйдің жобасы әзірленіп, сараптамаға ұсынылды. Заречный шағын ауданында медицина қызметкерлері үшін 45 пәтерлі үй салынады», - деді аудандық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Сайран Ақылбай.
Айта кетсек, жоспар бойынша биыл облыста 14 жалдамалы, 22 ипотекалық үй пайдалануға беріледі. Барлығы 1600 пәтер.