Ақмола облысында биыл 4597 түлек мектеп бітіреді

Ақмола облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде барлығы 542 мектеп жұмыс істейді (536 мемлекеттік және 6 жекеменшік мектеп) жұмыс істейді, онда 135642 астам оқушы білім алады.
«Биылғы оқу жылында орта мектепті, яғни 11-сыныпты 4597 (2022 жылы – 4617) түлек аяқтайды. Оның 2655 мемлекеттік тілде болса, 1942 орыс тілі. Олардың арасында 244 бала «Алтын белгі» төсбелгісіне, 334 үздік аттестатқа үміткер», - деді басқарманың баспасөз қызметінен.
Ведомстводан атап өткендей, сонымен бірге, өңірде негізгі мектепті, яғни 9 – сыныпты аяқтайтын 12043 (2022 жылы-10681) түлек болса, оның ішінде 913 бала немесе 7,5 пайызы үздік аттестатқа бітірушілер.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылатын жазған едік.