Ақмола облысында болған өрт салдарынан ер адам қаза тапты
АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін түнгі 00:24-те Ақмола облысының Максимовка ауылынағы жекеменшік тұрғын үйде өрт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Өрт сағат 02:25-те ауыздықталып, 02:55-те сөндірілді. Онымен күресте ҚР ТЖМ Ақмола облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 4 адамы мен 1 техникасы, ерікті өрт сөндірушылер құрылымының 2 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын тілі 54 шаршы метрді шарпыды. Оқиға орнында 62 жастағы ер адамның жансыз денесі табылды.