Ақмола облысында бүлдіршін 2-ші қабаттағы терезден құлап кетті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қараусыз қалған 2 жастағы қыз абайсызда 2-ші қабаттағы терезден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы тамыздың 21-де Степногор қалалық Полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарласып, 2021 жылы туған жергілікті тұрғынның ауруханаға «катажарақат, жабық бас сүйегі жарақаты, ми шайқалу» диагнозымен жеткізілгенін айтқан.
«Белгілі болғандай, қараусыз қалған бүлдіршін абайсызда москит торын итеріп, екінші қабаттағы терезеден құлаған. Осы дерек бойынша тексеріс жүргізілуде», - деді ведомстводан.
Осы ретте, тәртіп сақшылары ата-аналар мен қамқоршыларды балаларға мұқият болуға және оларды ашық терезелерде қараусыз қалдырмауға шақырады.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында ата-анасынан көз жазып қалған бір жасар сәби суға батып кете жаздағанын жазған едік.