Ақмола облысында бұрқасын жел Жаңа жылдық шыршаны құлатты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Макинск қаласында бұрқасын жел Жаңа жылға арнап безендірілген шыршаны құлатты. Бұл туралы жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында бұрқасын жел Жаңа жылдық шыршаны құлатты

Әлеуметтік желіде тараған суреттерге қарағанда, қаланың орталық алаңында орнатылған шыра желдің күшіне шыдамай құлаған. Желі қолданушылар құлаған шыраны қызу талқылуда. Пікір білдірушілердің бірі шыршаның қасында суретке түсіп үлгермедік деп өкініш білдірсе, енді бірі сапасыз орнатқан адамдарды сынға алуда.

Дегенмен, қала билігі тез арада қираған шыршаны жұрттың көзіне көрсетпей, орталық алаңнан алып кетті.